Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің өкілдері SOS Балалар ауылына барды
24.12.2020
2020 жылғы 24 желтоқсанда Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) көптеген жылдар бойы қалыптасқан игі дәстүрге сәйкес жыл сайын Нұр-сұлтан қаласындағы SOS балалар ауылының балаларын барлық мерекелерімен құттықтайды. IAAR басшылығы балаларға үнемі қамқорлық жасайды және оларға әрдайым қолдау көрсетеді. Бүгін де аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің өкілдері SOS Балалар ауылына барып, балалар мен педагогикалық ұжымды келе жатқан Жаңа Жылмен Құттықтады! SOS балалар ауылының барлық ұжымына денсаулық пен үлкен шығармашылық табыс тілей отырып, балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді!
Әріптестер