“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Жоғары білім беру саласында шешімдер қабылдау мәдениетін ілгерілету – уақыт талабы

11.10.2019

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің өкілдері Назарбаев Университетінде өткен «Институционалдық зерттеулер: деректерді академиялық сапаны және жоғары білім беруде шешім қабылдауды қолдау үшін пайдалану» форумына қатысты.

Форум қатысушылары Қазақстандағы жоғары білімнің даму тенденциялары, тәжірибе және жоғары оқу орындарында деректерді жинау мен талдаудың және аналитикалық мәдениетті дамытудың әртүрлі тетіктерін пайдалану мүмкіндіктерін талқылады. Форум өткен орында Назарбаев Университетінің Проректоры Лоретта О Доннелл, Назарбаев Университетінің Институционалдық зерттеулер бөлімінің бастығы Фелли Читенг Кот, Лейден университетінің ICLON білім беру мәселелері жөніндегі кеңесшісі Хенк Френкен және т. б. сөз сөйледі. Институционалдық зерттеулер контекстінде халықаралық аккредиттеуді өткізу, білім сапасын бағалау және арттыру туралы өз ойымен Назарбаев Университетінің институционалдық тиімділік жөніндегі бас директоры Дункан Пристли бөлісті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның, Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындарының өкілдері институционалдық зерттеулер жүргізу және шешім қабылдау үшін үлкен деректерді талдау тәжірибесімен бөлісті. Форумға қатысушылар ЖОО институционалдық зерттеулердің нәтижелері бойынша шешім қабылдайтын студенттердің, оқытушылардың және жалпы университеттің қажеттіліктерін тереңірек түсінетіндігінде бірауызды болды.

Әріптестер