“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR сарапшыларының кәсіби дамуы

16.03.2021

2021 жылдың 15 наурызында IАAR сарапшыларының кәсіби даму бағдарламасының алғашқы online семинар-тренингі өтті.

Семинар-тренингтің негізгі міндеті аккредиттеу стандарттарының критерийлерін түсінуде және сыртқы бағалау нәтижелерін ұсынуда сабақтастықты қамтамасыз ету болып анықталды.

Сапаны сыртқы бағалау құралдарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу стандарттарына, ЖОО-ны одан әрі жақсарту бойынша ұсынымдарды әзірлеу тәсілдеріне сәйкес қолдану бойынша Семинар-тренинг Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Ұлыбритания және т.б. елдердің академиялық қоғамдастығы мен студенттік қоғамдастығының 40-тан астам өкілдерін біріктірді.

Семинар-тренинг аясында ЖОО-ның өзін-өзі бағалау есептерінің IAAR стандарттарына сәйкестігін анықтау бойынша кейстермен жұмыс, ЖОО-ға сапары кезінде фокус-топтармен сұхбат құру принциптерін игеру бойынша іскерлік ойындар ұйымдастырылды.

Әріптестер