Сарапшылардың біліктілігін арттыру бағдарламасы
19.04.2024
2024 жылғы 19 сәуірде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) академиялық сарапшыларын білім беру ұйымдарына CCК сапарына дайындау бойынша семинар өткізді. Модераторлар ретінде университеттерді институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу жөніндегі жоба жетекшісі, э.ғ.д., Назырова Гульфия Ривкатовна, IAAR аккредиттеуден кейінгі мониторинг жобасының жетекшісі Жұлдыз Әубәкірқызы Әуезханова және IAAR 1-санаты сарапшы, п.ғ.к., доцент Юрий Эдуардович Белых болды.
Семинар барысында қатысушылар CCК сарапшысының аккредиттеу процесіндегі негізгі міндеттерімен және функцияларымен, IAAR халықаралық аккредиттеу стандарттарына және аккредиттеу процесінде сыртқы бағалау рәсімін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес сыртқы сапаны бағалаумен танысты.
Семинарға қатысушылардың ерекше назары білім беру бағдарламасы профилінің параметрлеріне сәйкес бағалаудың алдын ала нәтижелерін алқалы талқылау мәселелеріне, ССК есебінің дәлелдемелік-аналитикалық бөлігін қалыптастыру қағидаттарына, күшті жақтары мен тұжырымдалған ұсыныстар жасауға бағытталды. Тәжірибелік тапсырмаларды орындау нәтижесі бойынша семинарға қатысушыларға сертификат берілді.
Әріптестер