“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Сарапшылардың біліктілігін арттыру бағдарламасын іске асыру

24.11.2023

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі 2023 жылғы 24 қарашада IAAR сарапшыларын білім беру ұйымдарына ССК сапарына дайындау мақсатында вебинар өткізді. Вебинар модераторлары IAAR бас директорының стратегиялық даму жөніндегі кеңесшісі Гүлнар Қожағұлқызы Искакова, IAAR бас директорының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Тимур Ерболатұлы Қанапьянов, IAAR 1 санатты сарапшысы, PhD докторы Әлия Қайратқызы Алдунғарова вебинарға қатысушыларды IAAR халықаралық аккредиттеу стандарттары мен білім беру ұйымын және (немесе) білім беру бағдарламасын аккредиттеу процесінде сыртқы бағалау рәсімін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықпен таныстырды.

ССК сапары кезінде білім беру бағдарламаларын бағалауға ерекше назар аударылды, бұл ретте студентке бағытталған оқыту және күтілетін оқыту нәтижелері, сондай-ақ ішкі сапаны қамтамасыз ету (ESG 1.3, 1.4) критерийлеріне баса назар аударылды. Модераторлар вебинарға қатысушылардың назарын білім беру бағдарламасы профилінің параметрлеріне сәйкес бағалаудың алдын ала нәтижелерін алқалы талқылау, параметрлік бағалаулардың аналитикалық бөлімнің мазмұнына сәйкестігін, күшті жақтарын қамтамасыз ету мәселелеріне және ССК есебінің объективтілігі мен негізділігін қалыптастыру және қамтамасыз ету қағидаттары, тұжырымдалған ұсыныстарына назар аударды.

Әріптестер