“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

«Орталық Азия аймағындағы медициналық білім беруді дамыту перспективалары» өңірлік халықаралық кездесуі

18.12.2019

НААР/IAAR өкілдері ресми шақыру бойынша Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында өткен «Орталық Азия аймағындағы медициналық білім беруді дамыту перспективалары» аймақтық халықаралық кездесуіне қатысты. Кездесу Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясының президенті - профессор Дэвид Гордон, Қырғыз Республикасының Вице-Премьер-Министрі - А. Өмірбекова, Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрі - профессор К. Чолпонбаев, Қырғыз Республикасының Білім және ғылым Вице-министрі - Н. Өміров, "Қырғызстан Халықаралық университеті" Академиялық консорциумының президенті, профессор А. А.  Айдаралиев, НААР/IAAR Бас директоры, А. Жұмағұлова және Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның және басқа да елдердің академиялық қауымдастығының басқа да өкілдері қатысуымен жоғары мемлекеттік деңгейде өтті.

Кездесуде Орталық Азия аймағындағы медициналық білім беру сапасы мәселелері талқыланды. Өз сөзінде ВФМО президенті - Дэвид Гордон ТМД елдері арасында жалғыз танылған агенттік ретінде өңірдегі медициналық білім сапасын қамтамасыз етудегі НААР/IAAR-дың үлкен рөлі мен елеулі үлесін атап өтті! НААР/IAAR Бас директоры А. Жұмағұлова баяндамада осы аймақтағы жоғары оқу орындарының халықаралық аккредитациялау процедуралары мен білім беру бағдарламаларының рейтингісін өткізу негізінде Орталық Азия аймағындағы елдерде медициналық білім беру сапасын одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстарды атап өтті. Халықаралық кездесудің нәтижесі бойынша Қарар қабылданып, жоғары медициналық білімді одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар дайындалды!

Әріптестер