“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Шығыс еуропа және Орталық Азия мемлекеттеріне арналған ЮНЕСКО «Жоғары білімдегі сапа кепілі рөлі: мәселелер, жетістіктер және перспективалар» өңірлік жиналысы

25.04.2018

2018 жыл 23-24 сәуірде Мәскеу қаласында (Ресей) – Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі Директоры Жумагнулова Алина Бакытжановна және агенттік кеңесшісі Яновская Ольга Алексеевна Шығыс еуропа және Орталық Азия мемлекеттеріне арналған ЮНЕСКО «Жоғары білімдегі сапа кепілі рөлі: мәселелер, жетістіктер және перспективалар» өңірлік жиналысына қатысты.

Жиналыста Жумагулова Алина Бакытжановна «Қазақстан Республикасындағы білім сапасы жүйесін дамыту: АРТА тәжірибесі» тақырыбындағы презентациясымен сөз сөйледі. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) көптеген Ресейдің аккредиттеу агенттіктерімен сапаны қамтамасыз ету саласындағы тиімді серіктестікті дамытуға, сарапшыларды дайындауға, бірлескен білім жобаларын іске асыруға және тәжірибе алмасуға бағытталған серіктестік туралы меморандумға қол қойған.

Жиналыс жұмысына белсене қатысты: Сусанна Караханян – Жоғары білімдегі сапа кепілі халықаралық агенттік желісі INQAAHE (БАЭ) Президенті, Лемка Измайлова - ФГУ «Росаккредагентство» директоры, Эрика Соболева - АНО «АККОРК» директоры, Нора Скабурскене – Жоғары білім сапасын бағалау орталығы (SKVC) директоры, Шығыс еуропа және Орталық Азия жоғары білім сапасын қамтамасыз ету бойынша агенттіктер желісі Президенті (CEENQA).

Мақсатты аудитория – білім сапасы кепілі агенттіктері, ЖОО, басқармалық құрылымдар және жоғары білімге қызығушылық танытқан тұлғалар.

Жиналыс жұмысына өз сөзінде Қазақстандағы аккредиттеу даму деңгейін және ЕNQA толық мүшелігі мәртебесі бар АРТА жетістігін атап өткен, ЕNQA президенті - Кристоф Гролимунд (Швейцария) қатысты. Бұл беделді сарапшылық мекеменің АРТА-не берілген жоғары бағасы сапаны сыртқы бағалау рәсімінің еуропалық стандарттарға сәйкестігін растайды.

Негізгі нәтижелер:

Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін дамыту бойынша негізгі мүмкіндіктер мен тапсырмалар анықталды.

Жоғары білім және сапаны қамтамасыз ету тұрақты даму жағдайында талқыланды.

Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету бойынша үздік тәжірибе алмасты.

Әріптестер