«Жоғарғы оқу орындарында сапаны қамтамасыз етудегі аккредитацияның рөлі» атты өңірлік семинары, 3-4 қазан 2018 жыл, Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласы.
03.10.2018
Эразмус + бағдарламасы шеңберіндегі «Жоғарғы оқу орындарында сапаны қамтамасыз етудегі аккредитацияның рөлі» атты өңірлік семинарына ЖОО сарапшылар кеңесінің төрағасы Скиба Марина Александровна мен АРТА-ның ЖОО институционалды және мамандандырылған аккредиттеу жоба жетекшісі қатысып жатыр.
Семинар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ESG-2015 ескере отырып сапасын қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылау үшін , сапалы мәдениет саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын, Испания, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясының сарапшыларын біріктіріп отыр.
Семинар өз жұмысын Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрінің орынбасары Кожобеков Кудайберди Гапаралиевичтің құттықтау сөзімен басталды.
Еуропалық Қауымдастықтың қызметінің жоғары білім сапасын қамтамасыз етудегі ерекшелігін ENQA -ның директоры Мария Кело (Maria Kelo) ұсынды.
Қазақстандағы аккредиттеуді реттейтін заңнамалық базасын, аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің сапаны қамтамасыз ету жүйесін Скиба Марина Александровна ұсынды.
Әріптестер