“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

2023 жылдың 1-3 желтоқсан аралығында "Winter tom & Medical Global Forum" (MGF) іс-шарасы өтті.

01.12.2023

2023 жылдың 1-3 желтоқсан аралығында Астана медицина университетімен бірлесіп Kazakhstan Medical Students' Association (KazMSA) ұйымдастырған "Winter tom & Medical Global Forum" (MGF) іс-шарасы өтті. IAAR медициналық білім беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу жөніндегі жобаның жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты Джакенова Алиса Сатбекқызы "Халықаралық аккредиттеу - білім беру сапасын қамтамасыз ету тетігі" баяндамасымен қатысты. Форумға 8 медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, Қазақстанның медициналық ұйымдарының өкілдері қатысты. Форум аясында IAAR мен KazMSA арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум бірқатар бағыттарды қамтиды, маңыздыларының бірі-медициналық студенттердің аккредиттеу және білім беру сапасын қамтамасыз ету процесіне қатысуы. Аталған форум барысында инновациялық технологиялар мен оқыту әдістемелері саласында білім алмасу мақсатында өткізілген медициналық ЖОО студенттерінің кездесуі өтті, Қазақстан медицина студенттерінің әлеуметтік және ғылыми жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрмеде студенттер репродуктивті денсаулық, медициналық білім, Бейбітшілік және адам құқықтары, Қоғамдық денсаулық сақтау, шетелдік медициналық ұйымдармен ғылыми және кәсіби алмасу бағыттары бойынша өз әзірлемелерін ұсынды.

Әріптестер