Балаларды қорғау күні!
01.06.2021
2021 жылдың 1 маусымында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) өкілдері қалыптасқан дәстүр бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы «SOS - балалар ауылына» барып қайтты. Агенттік бүлдіршіндерді «Балаларды қорғау күні» мерекесімен құттықтап, оларға әртүрлі сыйлықтар, ойыншықтар, кітаптар, үстел ойындары және тәттілер табыстады.
IAAR көптеген жылдар бойы Нұр-Сұлтан қаласының «SOS - балалар ауылында» барлық мерекелік іс-шараларға қатысып келеді және барлық балалар мен ұжымға әрдайым қажетті көмек пен қолдау көрсетіп отырады.
Әріптестер