“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

CEENQA семинары және бас ассамблеясы

11.05.2017

2017 жылы 28-29 сәуірде Загреб қаласы (Хорватия)Университет базасында CEENQA жыл сайынғы семинар және бас ассамблеясы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы Ғылым және жоғары білім агенттігі (ASHE, Хорватия).

Семинар және бас ассамблеясының жұмысына АРТА ақпараттық-талдау жобасының жетекшісі Мырзағалиева А.Х. қатысты.

28 сәуір күні «Сыртқы сапаны қамтамасыз етудің аса тиімді қадамдарын одан әрі дамыту» тақырыбында семинар өткізілді. CEENQA Президенті Iring Wasser Кейін, ASHE (Хорватия) директоры профессор Jasmina Havranek және Загреб қаласы Университет ректоры профессор Damir Boras алғы сөзінен кейін, Nora Skaburskiene (Словакия) және Maria Weber (Австрия), Melinda Szabo (EQAR), Daniel Wörhoff, ASIIN (Германия), Dhurata Bozo, Жоғары білімнің қоғамдық аккредиттеу агенттігі (Албания), Sandra Bezjak, ASHE (Хорватия), профессор Enver Halilović, HEA (Босния және Герцеговина), Ivan Leban, SQAA (Словения), Bjørn Stensaker (Норвегия) сөз сөйледі.

2017 жылы 29 сәуірде бас ассамблеяда Tempus/ERASMUS+, қаржы жобалары есептері жай-күйі туралы, сондай-ақ кеңес мүшелерінің, CEENQA мүшелері және басқалардың да есептер тыңдалды. Сонымен қатар, бас ассамблеяда CEENQA президенті лауазымындағы IringWasser өкілеттік мерзімі аяқталды. Дауыс беру арқылы осы лауазымға Nora Skaburskiene сайланды. Кеңестің екі мүшесі Ivan Leban және Martina Vidlakova екі жылдық мерзімге қайта сайланды, сондай-ақ Кеңестің жаңа мүшесі Duska Radmanovic сайланды. Christina Rozsnyai бас хатшысынан кетіп, оны Marleen Roggan алмастырды.

CEENQA туралы қосымша ақпаратты  www.ceenqa.eu веб-сайтынан қарай аласыз

Әріптестер