IAAR сарапшыларын Білім беру ұйымдарына ВЭК баруына даярлау жөніндегі семинар
23.10.2025

2025 жылдың 23 қазанында IAAR (Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі) Білім беру ұйымдарына Сыртқы сараптау комиссиясының баруына даярлау жөніндегі сарапшылар семинарын өткізді. Модераторлар – э.ғ.к., жоғары оқу орындарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу жобасының жетекшісі Назырова Гүлфия Ривкатовна және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын аккредиттеу жобасының жетекшісі Әуезханова Жұлдыз Әубәкіровна болды.
Семинарда ESG сапаны қамтамасыз ету стандарттары және студентке бағытталған оқыту негізінде білім беру ұйымдарын/білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеудің принциптері мен кезеңдері, IAAR сараптамалық қызметіне қойылатын талаптар, сыртқы сараптама комиссиясы құрамындағы сарапшылардың рөлі қаралды. Интерактивті режимде келесі кейстермен жұмыс жүргізілді:IAAR мамандандырылған аккредиттеу стандарттары мен критерийлерін түсіну; Білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау есептерімен жұмыс істеу және жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.Кейстермен жұмыс болашақ сарапшылардың IAAR сарапшысы ретінде жұмыс істеу үшін қажетті дағдылар мен құзыреттерін қалыптастыруға мүмкіндік берді. ENQA есебінің жобасы сарапшылар қауымдастығы арасында да талқыланды.
Әріптестер