
2020 жылдың 3 наурызында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде базалық және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру агенттігінің мамандарының біліктілігін арттыру бойынша семинар-тренинг өткізді.
Оқу семинарының лекторы Дүниежүзілік медициналық білім беру Федерациясының (WFME) арнайы кеңесшісі Janet Grant, семинарға қатысушыларды - Қазақстан Республикасы мен Қырғыз республикасының медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлерін- WFME халықаралық стандарттарымен, олардың құрылымы мен базалық медициналық білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға бағытталған мазмұнымен, сондай – ақ WFME стандарттары бойынша білім беру бағдарламаларын бағалау және өзін-өзі бағалау процедурасымен таныстырды.
Оқу семинары жоғары мазмұнды және ұйымдастырушылық деңгейде өтті және оған қатысушылар тарапынан оң жауап алынды.