“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының қажеттілігі ұлттық рейтингі технологиясы бойынша семинар-тренинг

19.01.2018

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (бұдан әрі−АРТА) жыл сайын рейтингтік зерттеу жүргізіп, нәтижелерін «Егемен Қазақстан» газетінде және www.iaar.kz ресми сайтында жариялайды.

2018 жылғы19 қаңтарда АРТА Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жоғары оқу орындарынының ректорлары, проректорлары, құрылымдық бөлім жетекшілері және басқа да жоғарғы оқу орындарының рейтингтік зерттеуге қатысу ісіне жауапты тұлғалар үшін семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингке 50-ден аса жоғары және жоғарғы оқудан кейінгі білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

Семинар-тренинг аясында келесі сұрақтар қарастырылды:

- АРТА әдістемесі бойынша жоғарғы оқу орындарын саралаудың жаңартылған жүйесі;

- Мамандарды дайындау деңгейлері мен бағыттары бойынша жоғарғы оқу орындарының қажеттілігін саралау ұлттық технологиясы.

Электтронды бағдарламаны дұрыс толтыру жөніндегі практикум қатысушыларға саралаудың негізгі параметрлерінің мамандарды дайындау деңгейіне сәйкестігін талқылау мүмкіндігін ұсынды.

Қатысушылар білім беру қызметінің экспорттық потенциалының дамыту және бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуда рейтингтік зерттеудің маңыздылығын атап өтіп, Агенттікке рейтингтік зерттеу аясындағы жүргізілетін іс-шараларды жүйелі ұйымдастыратыны үшін алғыстарын білдірді.

Әріптестер