ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы комиссияның отырысы өтті
18.03.2024
2024 жылғы 18 Наурызда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі – ТМД) қатысушы мемлекеттердің білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы комиссияның отырысы өтті, оған аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің бас директоры - Алина Бақытжанқызы Жұмағұлова қатысты. Комиссия отырысында ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының сапасын қамтамасыз ету моделі таныстырылды, сондай-ақ жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша жалпы тәсілдерді әзірлеу туралы мәселелер талқыланды. Отырысқа кеңес мүшелері мен Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері және шақырылған адамдар қатысты.
Әріптестер