“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR-дың Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ақпараттық күніне қатысуы

22.12.2021

2021 жылдың 22 желтоқсанында IAAR өкілдері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі, Еуропалық Комиссияның Білім және мәдениет жөніндегі Еуропалық Атқарушы Агенттігі және Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесі ұйымдастырған Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ақпараттық күніне қатысты.

Іс-шара Astana IT University базасында аралас форматта өтті және 300-ден астам қатысушыны жинады.

ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Нарбекова Бану Мукатаевна, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Кестутис Янкаускас мырза және Эразмус+ бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық кеңсесінің директоры Тасболатова Шайзада Өмірзаққызы құттықтау сөз сөйледі.

Өткізілген іс-шара барысында Эразмус+ бағдарламасының жетістіктері көрсетіліп, халықаралық кеңейту перспективалары талқыланды, сондай-ақ қатысушылар Эразмус Мундус бірлескен магистрлік бағдарламалары мен Жан Моне бағдарламасына қатысу тәжірибесімен бөлісті. Жоғары білім беру әлеуетін және халықаралық кредиттік ұтқырлықты арттыру шеңберінде жобалық өтінімдерді беру үшін жаңалықтар талқыланды.

Әріптестер