BFUG өкілдерінің қатысуымен IAAR -ның ЖОО ректорларының конференциясына қатысуы
06.10.2022
2022 жылғы 6 қазанда Астана қаласында (Қазақстан Республикасы) Болон үдерісін қадағалау тобының (BFUG), Орталық Азия министрліктері мен университеттері өкілдерінің қатысуымен Қазақстан жоғары оқу орындары ректорларының конференциясы өтті. Конференцияда BFUG өкілдері сөз сөйлеп, жоғары білімді дамытудың бірқатар өзекті мәселелерін көтерді. Оның ішінде білім сапасын бағалау, бейресми білім беру, мұғалімдер білімін дамыту мәселелері бар.
Конференцияға IAAR бас директоры – А.Б.Жұмағұлова қатысып, баяндама жасады, онда IAAR аккредитациядан өткен Орталық Азия университеттері контекстіндегі Сыртқы сараптау комиссиясы сарапшыларының ұсыныстарына талдау жасады.
Әріптестер