“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR – дың «Халықаралық аккредиттеу-білім беру сапасын арттыру факторы" атты халықаралық конференциясына қатысуы»

30.09.2020

2020 жылғы 30 қыркүйекте IAAR бас директоры А.Б. Жұмағұлова Тәжік мемлекеттік құқық, бизнес және саясат университеті ұйымдастырған "Халықаралық аккредиттеу-білім беру сапасын арттыру факторы" атты ғылыми-әдістемелік конференциясына қатысып, "Орталық Азия өңіріндегі халықаралық аккредиттеу: тәсілдері мен перспективалары" тақырыбында баяндама жасады.

Конференция жұмысына Тәжікстан, Қазақстан, Ресей, Германия академиялық қоғамдастығының өкілдері қатысты. Пленарлық отырыс барысында білім беру сапасын арттырудың өзекті мәселелері және жоғары білім беруді дамытудың заманауи трендтері талқыланды.

IAAR өкілдері жыл сайын Тәжікстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған іс-шараларға, халықаралық конференциялар мен форумдарға қатысады.

Әріптестер