IAAR-дың INQAAHE 2020 халықаралық форумына қатысуы
01.10.2020
Стратегиялық даму жөніндегі кеңесші Г.К.Искакова және қосымша білім беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу жөніндегі жобаның жетекшісі Сайдулаева М.
2020 жылдың 30 қыркүйегінде "Цифрландыру дәуірінде сапаны қамтамасыз ету қызметін ақпараттық қолдау мүмкіндіктері" тақырыбында жоғары білім берудегі сапаны куәландыру агенттіктерінің халықаралық желісінің "сапа, құзыреттер және оқыту нәтижелері: Z ұрпағын жұмысқа орналастыруға дайындық" атты форумына қатысып, презентация жасады.
Форум халықаралық ұйымдарды, білім сапасын бағалау жөніндегі агенттіктерді, университеттерді, әлемнің әр түкпіріндегі қоғамдық және мемлекеттік ұйымдарды онлайн режимінде білім сапасын қамтамасыз етудің күрделі мәселелерін талқылау және заманауи әлемдік сын-қатерлер жағдайында сыртқы бағалаудың жаңа тәсілдерін іздеу үшін біріктірді.
IAAR INQAAHE мүшесі ретінде жоғары білім берудегі сапаны растау жөніндегі агенттіктердің халықаралық желісінің маңызды іс-шараларының белсенді және тұрақты қатысушысы болып табылады.
Әріптестер