“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR-дың SAGRIS жобасы шеңберінде халықаралық форумға қатысуы

10.12.2021

2021 жылғы 10 желтоқсанда Эразмус+ SAGRIS жобасы шеңберінде "Ресей мен Қазақстанның аграрлық жоғары оқу орындарындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру перспективалары халықаралық ғылыми қоғамдастыққа кірігу жолында" халықаралық форумы өтті. IAAR-дың халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Қанапиянов Тимур пен ақпараттық - талдау жобасының жетекшісі Қыдырмина Нұргүл "аграрлық сектор кадрларын даярлауға білім берудің сыртқы сапасын қамтамасыз етудің әсері" тақырыбында баяндама жасады.Форумға Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдары мен аккредиттеу агенттіктерінің оқытушылары, докторанттары мен сарапшылары қатысты. 

Форум гибридті форматта өтті: еуропалық ғалымдар онлайн түрде қатысты, блок-семинарға қазақстанның жоғары оқу орындарынан қатысушылары С. Сейфуллин атындағы  Қазақ агротехникалық университетінде оффлайн  форматта кездесті. Ресей университеттерінің өкілдері Ставрополь мемлекеттік аграрлық университетінің базасында жиналды.

Әріптестер