“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR-дың IREG 2020 Бейжің конференциясына қатысуы

22.10.2020

2020 жылдың 20-21 қазанында IREG 2020 Бейжің конференциясы өтті. Қазіргі уақытта жоғары білім беру жүйесі терең өзгерістерге ұшырауда, соның ішінде COVID-19 пандемиясының әсерінен. Бұл сын-тегеурін университеттердің рейтингіне әсер ететіні сөзсіз. IREG 2020 Бейжің конференциясында академиялық рейтингтерді өзгерту мәселелері талқыланды.

Панельдік сессиялар барысында халықаралық сарапшылар рейтингтер жасау әдіснамасына әсер етуі мүмкін өзгерістер туралы өз пікірлерін білдірді.

Іс-шараға Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің өкілі Г. Р. Назырова қатысты.  

IAAR IREG Observatory on Academic Ranking and Excellence халықаралық аудитінен сәтті өтті және «IREG Approved» («IREG мақұлдаған») белгісін алды. IAAR IREG Халықаралық обсерваториясының іс-шараларының танымал мүшесі және тұрақты қатысушысы болып табылады.

Әріптестер