IAAR-дың «Болашақтың білімі: өзгерістер желі» атты VI Орталық Азия халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуы
21.04.2023
2023 жылдың 21-ші сәуір күні стратегиялық даму жөніндегі кеңесшісі Искакова Г.Қ. және медициналық білім беру ұйымдарын аккредиттеу жобасының жетекшісі Джакенова А.С. «Болашақтың білімі: өзгерістер желі» атты VI Орталық Азия халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының пленарлық отырысына қатысып, «Қазіргі заманғы шақырулар және медициналық университеттердің халықаралық IAAR аккредитациясы» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, «Интеграцияланған бағдарламаларды аккредиттеу мәселелері мен перспективалары» атты дөңгелек үстелге қатысты.
«Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ ұйымдастырған конференция медициналық жоғары оқу орындарының, білім сапасын бағалау жөніндегі агенттіктердің, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдардың медициналық білім сапасын арттырудың ең өзекті мәселелерін талқылау және әлемнің заманауи талаптар жағдайында сыртқы бағалаудың жаңа тәсілдерін іздестіру мақсатында басын қосты.
Әріптестер