“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR ТМД атқару комитетінің отырысына қатысуы

02.02.2023

2023 жылғы 2 ақпанда IAAR Бас директоры – А.Б. Жұмағұлова және кеңесші - О.А. Яновская «Білім сапасын қамтамасыз ету: жағдайы, проблемалары және келешегі» атты бірінші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы аясында Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан Білім беру министрліктердің және жоғары оқу орындарының білім сапасын қамтамасыз ету ұйымдарының қатысуымен Минск қаласында (Беларусь Республикасы) өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқару комитетінің отырысына қатысты.

Бас директор Жұмағұлова А.Б. Пленарлық отырыста жаһандық өзгерістер жағдайында білім сапасын қамтамасыз етудің негізгі міндеттері туралы құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияда барлық деңгейінде білім сапасын арттыру мәселелері талқыланып, білім беру жүйесінің даму тенденциялары, білім сапасын басқарудың әдістері мен құралдары қарастырылып, білім сапасын қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілдері әзірленді.

Әріптестер