“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Кәсіби сертификаттау жүйесіндегі университеттер: халықаралық деңгейге шығу

27.04.2023

2023 жылғы 27 сәуірде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің бас директоры – Жұмагұлова Алина Бақытжанқызы және кеңесші - Яновская Ольга Алексеевна Қазмедиа орталығы мәжіліс залында өткен «Кәсіби сертификаттау жүйесіндегі университеттер: халықаралық деңгейге шығу» атты дөңгелек үстелге қатысты.

Дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Б.Дүйсенова және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық жіктеу жүйесін дамыту шаралары туралы презентация жасап, Халықаралық сертификаттау институттарының қолдауымен бітірушілерді кәсіби сертификаттау жүйесін енгізу арқылы қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына 50-ден астам адам, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, жоғары оқу орындарының, «Атамекен» ҰКП, кәсіби бірлестіктердің өкілдері, CMI (Chartered Management Institute) халықаралық және өңірлік бөлімдерінің басшылары қатысты.

Әріптестер