“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR-да жаңа сарапшыларға арналған оқыту семинары өтті

24.09.2026

2026 жылғы 23 қыркүйекте Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) сыртқы сараптау комиссияларының жұмысына қатысуға даярлауға арналған жаңа сарапшылар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинардың модераторлары экономика ғылымдарының кандидаты, жоғары оқу орындарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуді өткізу жөніндегі жоба жетекшісі Назырова Гульфия Ривкатовна және экономика ғылымдарының кандидаты, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жоба жетекшісі Султанова Замзагуль Хамитовна болды.

Семинар барысында қатысушылар Білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық стандарттары мен нұсқаулықтарына (ESG) және студентке бағдарланған оқыту қағидаттарына негізделген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеуден өткізудің қағидаттары және кезеңдерімен танысты.

IAAR-дың сарапшылық қызметке қойылатын талаптарына, сыртқы сараптау комиссиясы құрамындағы сарапшының рөлі мен жауапкершілігіне, сондай-ақ объективтілік, тәуелсіздік және кәсіби әдеп қағидаттарына ерекше назар аударылды.

Семинардың практикалық бөлімі интерактивті форматта ұйымдастырылды. Қатысушылар IAAR мамандандырылған аккредиттеу стандарттары мен критерийлерін түсінуге бағытталған кейстермен жұмыс істеп, білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау есептерін талдады және олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірледі.

Оқытудың практикаға бағдарланған форматы болашақ сарапшыларға қажетті білім алып қана қоймай, сыртқы сараптау комиссиясының құрамында тиімді жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.

IAAR семинардың барлық қатысушыларына белсенділігі, қызығушылығы, кәсіби дамуға деген ұмтылысы, сондай-ақ білім беру сапасын жетілдіруге және сапа мәдениетін дамытуға үлес қосуға деген талпынысы үшін алғыс білдіреді.

Әріптестер