Мұғалімдер білімі мен аккредиттеуі - ITEAC V Халықаралық конгресі
08.06.2021
2021 жылдың 4-6 маусымында IAAR Бас директорының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Тимур Канапьянов - Мұғалімдердің білім беру бағдарламаларын бағалау және аккредиттеу қауымдастығы (EPDAD) мен Гази университеті (Анкара, Түркия) онлайн форматында ұйымдастырған "Мұғалімдер білімі мен аккредиттеуі - ITEAC" V Халықаралық конгресіне негізгі спикер ретінде қатысты.
IAAR Конгресс қатысушыларымен сапа кепілдігі саласындағы, сонымен қатар, пандемия кезіндегі тәжірибесімен бөлісті. Халықаралық конгрессте қатысушы елдердің білім беру кеңестерінің басшылары, ректорлары, аккредиттеу агенттіктерінің президенттері, Түрік жоғары білім кеңесінің мүшелері және Түркия білім министрінің орынбасары сөз сөйледі, бағдарламаның келесі бөлімдері панельдік сессиялармен жалғасты.
Қатысушылар мен спикерлер COVID-19 пандемиясының сапаны қамтамасыз ету процедураларына әсері мен мекемелер мен университеттердің шектеу шаралары кезеңінде бетпе-бет келген мәселелерін талқылады. Конгресс Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа және Орталық Азияның сапа кепілдігі агенттіктері мен университеттерінің өкілдерінің басын қосты.
Конгресс туралы толығырақ ақпаратты ITEAC веб-сайтынан www.iteac.epdad.org.tr табуға болады.
Әріптестер