“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

НААР/IAAR тәуелсіз сарапшыларды кәсіби дамыту Бағдарламасы басталды

14.02.2020

2020 жылы 14 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында тәуелсіз сарапшыларды кәсіби дамыту бағдарламасының төрт семинар-тренингінің бірінші кезеңі өткізілді.

Білім беру бағдарламаларының сапасын сыртқы бағалау құралдарын және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау нәтижелерін әзірлеу әдістерін қолдану бойынша семинар-тренинг НААР/IAAR офисінде өткізілді.

Семинар-тренинг шеңберінде ЖОО-да сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесінің нәтижелілігін сыртқы бағалау тәсілдері қарастырылды, НААР/IAAR белгіленген стандарттарына өзін-өзі бағалау бойынша есептердің сәйкестігін анықтау бойынша кейстермен жұмыс ұйымдастырылды. Семинар-тренинг соңында сарапшылар ЖОО-ға сапары кезінде фокус-топтармен сұхбат құру принциптерін меңгеруге мүмкіндік берген іскерлік ойындар өткізілді.

Әріптестер