Америка Құрама штаттарының Вашингтон қаласында CHEA мен CIQG ұйымдастыруындағы жыл сайынғы конференция өтуде
30.01.2025
Америка Құрама штаттарының Вашингтон қаласында 2025 жылдың 27 қаңтар мен 30 қаңтар аралығында Жоғары білімді аккредиттеу Кеңесі (CHEA) мен Білім беру сапасы бойынша Халықаралық топтың (CIQG) ұйымдастыруындағы жыл сайынғы конференция өтуде.
Осындай маңызды іс-шараға Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің бас директоры Жұмағұлова А.Б. қатысты.
Ең алдымен, қатысушыларға CHEA президенті Синтия Джексон Хаммонд құттықтау сөзін арнады. Сонымен қатар, конференцияда CIQG білім беру сапасы бойынша Халықаралық топтың мүшесі – Олгун Чичек, аккредиттеу агенттіктерінің директорлары, Американың жетекші университеттерінің ректорлары сөз сөйледі.
Іс-шара аясында, аккредиттеу жүйесін жетілдіруге арналған, мүмкіндіктер мен тәуекелдер, жоғары білімнің сапасын арттыруға негізделген студенттердің нәтижелеріне анализ жасау, сонымен қатар, білім берудегі жасанды интеллектің рөлі мен актуалды тақырыптары бойынша бірнеше секциялар қатар жүргізілді.
Конференцияға әлемнің 46 елінен келген 300 астам өкілдер қатысты. Бұл аккредиттеу мен жоғары білімдегі халықаралық серіктестіктің жоғары деңгейін көрсететіні анық.
Әріптестер