“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу үшін IAAR сарапшыларын оқыту бойынша вебинар

09.11.2023

2023 жылдың 9 қарашасында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) сарапшыларын аккредиттеуден кейінгі мониторинг бойынша дайындау мақсатында вебинар өткізді.

Модераторлар медицина ғылымдарының кандидаты, IAAR медициналық білім беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу жөніндегі жоба жетекшісі Джакенова Алиса Сатбекқызы және IAAR техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі жоба жетекшісі Бекенова Динара Қайырбекқызы болды.

Вебинарға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен колледждерінің 88 өкілі белсенді қатысты.

Вебинарда аккредиттеуден кейінгі мониторингтың негізгі сұрақтары, IAAR сарапшыларына және сараптамалық топтың есебіне қойылатын талаптар, талқыланды.

Вебинардың практикалық бөлімі кейстермен жұмыс, ұсыныстардың орындалуын бағалаудан тұрды.

Әріптестер