IAAR сарапшыларын ССК-ның медициналық оқу орындарына сапарына дайындау бойынша вебинар
24.03.2022
2022 жылдың 24 наурызында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) ССК-ның медициналық оқу орындарына сапарына дайындық бойынша сарапшыларға арналған вебинар өткізді. Модераторлар IAAR медициналық білім беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу жөніндегі жоба жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты Джакенова Алиса және IAAR білім беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу жөніндегі жоба жетекшісі Сайдулаева Малика, сонымен қатар, IAAR жетекші сарапшысы, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті педиатрия факультетінің деканы - Сауле Садыкова болды (Қазақстан Республикасы, Алматы қ.). Вебинарға әртүрлі елдердің академиялық қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Вебинар бағдарламасы екі бөлімнен тұрды. Вебинардың теориялық бөлімінде IAAR халықаралық стандарттарына сәйкес сыртқы сапаны бағалау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, студенттерге бағытталған оқыту және ішкі сапаны қамтамасыз ету қағидаттарына ерекше назар аударылды (WFME стандарттарына негізделген IAAR стандарттары, ESG). Вебинардың тәжірибелік бөлімі кейстермен жұмыстан, білім беру ұйымы есебінің IAAR стандарттары мен критерийлеріне сәйкестігін бағалаудан, сарапшылардың ұсыныстарымен шолуды әзірлеуден және фокус-топтармен іскерлік ойыннан тұрды.
Әріптестер