Аккредиттеуден кейінгі мониторинг бойынша IAAR сарапшыларын оқыту бойынша вебинар
24.02.2022
2022 жылдың 24 ақпанында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) сарапшыларын аккредиттеуден кейінгі мониторинг бойынша дайындау мақсатында вебинар өткізді. Вебинарға IAAR сарапшылары – Қазақстан Республикасы университеттері мен колледждері академиялық қоғамдастығының өкілдері қатысты. Вебинардың негізгі мақсаты – IAAR сарапшыларының аккредиттеуден кейінгі мониторинг процедурасын жүргізу және оның нәтижелері бойынша сараптамалық топтың есебін қалыптастыру дағдыларын мен құзыреттерін дамыту. Вебинардың практикалық бөлімі кейстермен жұмыс, ұсыныстардың орындалуын бағалау және фокус-топтармен іскерлік ойыннан тұрды.
Әріптестер