Сарапшыларды Сыртқы Сараптау Комиссиясының білім беру ұйымдарына сапарына дайындау мақсатында вебинар
03.07.2021
2021 жылдың 2 шілдесінде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) сарапшыларды Сыртқы Сараптау Комиссиясының білім беру ұйымдарына сапарына дайындау мақсатында вебинар өткізді (модераторлар: IAAR Cтратегиялық даму жөніндегі кеңесші профессор Г.К. Искакова және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Бас директордың орынбасары Т.Е. Канапьянов). Вебинарға Қазақстан, Беларуссия, Қырғызстан және Украинаның академиялық қауымдастығының өкілдері қатысты. Вебинар 4 сессияны қамтыды: «Сарапшы және оған қойылатын IAAR талаптары», «Өзін-өзі бағалау есебінің мамандандырылған аккредиттеу стандарттары мен өлшемдеріне сәйкестігін бағалау және ұсыныстармен шолуды әзірлеу», «Сыртқы сараптама комиссиясының есебінің IAAR талаптарына сәйкестігі және сапаны жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу» кейстері,«Білім беру ұйымына сапар кезінде фокус-топтармен сұхбат жүргізу» іскерлік ойыны. Ұсынылған вебинар сессиясының басты мақсаты - білім беру ұйымының институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу туралы өзін-өзі бағалау есебін қарау дағдылары мен құзыреттіліктерін қалыптастыру; білім беру бағдарламаларын IAAR стандарттары мен критерийлеріне сәйкестігі (сәйкес еместігі) бойынша талдау және бағалау; IAAR талаптарына сәйкес сыртқы сараптау комиссиясының сапарының нәтижелері туралы есеп қалыптастыру және т.б.
Әріптестер