“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

ENQA мүшелерінің VII Форумы

16.05.2017

2017 жылы 4-5 мамырда Осло қаласында (Норвегия) Білім беру сапасын қамтамасыз етудің Норвегиялық агенттігі (NOKUT) базасында ұйымдастырылған Жоғары білімнің еуропалық қауымдастығы (ENQA) мүшелерінің VII Форумы өтті.

Форум жұмысына ENQA мүшелерінің 119 аса ұйымдары өкілдері қатысты. Осы іс-шарада АРТА атынан Директор Жумагулова А.Б. және халықаралық жобалар және қоғаммен байланыс жетекшісі Канапьянов Т.Е. барды.

Форумда ENQA Президенті Padraig Walsh және Бас директоры NOKUT Terje Mørland алғ сөз сөйледі.

Талқыланылған негізгі тақырыптар: Болон процесі дамуы және алға жылжу жолдары; Жоғары білімге жаһандық көзқарас. Сапаны жақсартуға ортақ құралдарды іздеу; Сапаны қамтамасыз етудегі күтпеген нәтижелер.

Форум аясында сондай-ақ, ENQA Бас Ассамблеясы өтті. Бас Ассамблеясы отырысында АРТА Директоры Жумагулова А. Б. ENQA толыққанды мүшесі ретінде агенттіктің перспективалары жайлы баяндама жасады.

ENQA мүшелерінің VII Форумы қатысушыларға еуропалық және халықаралық кеңістікте сапаны қамтамасыз ету саласының жай-күйіне қатысты кең ауқымды сұрақтарды қарауға және талқылауға, практикалық тәжірибемен алмасуға және дамудың алдағы перспективаларын белгілеуге мүмкіндік берді.

Форум жайлы толық ақпаратты ENQA сайтынан қарай аласыз.

Әріптестер