VII Халықаралық ғылыми -практикалық конференция
31.05.2021
2021 жылдың 28 мамырында «Тұрақты даму үшін үздіксіз білім беру: жаңа міндеттер» атты VII халықаралық ғылыми -практикалық конференциясы өтті. Конференцияға IAAR Бас Директоры кеңесшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор О.А. Яновская қатысып, «Педагогикалық ұйымдарды халықаралық аккредиттеу - уақыттың басымдығы» атты баяндама жасады.
Халықаралық конференция on-line форматында өтіп, білім сапасын қамтамасыз ету мен халықаралық аккредиттеуді жүргізу мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, үздіксіз білім беру жүйесінде тиімді тәсілдер мен инновациялық технологиялар талқыланды.
Әріптестер