“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

«VII Дүниежүзілік түркі әлемі математиктерінің конгресі» (TWMS Congress-2023)

23.09.2023

2023 жылдың 20-23 қыркүйегінде Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Түркістан облысының әкімдігі қолдауымен «Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік конгресі» (Түркі әлемі математикалық қоғамы, TWMS Congress-2023) А .Х. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті базасында өтті. Конгресске Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің бас директоры – Жұмағұлова А.Б. және кеңесшісі – Яновская О.А. қатысты.

Халықаралық конгресстің мақсаты – математика ғылымын дамытуға, математика мен ІТ-технологиялар жетістіктерін ғылыми зерттеулерде, технологияда және білім беруде қолдануға бағытталған математиктер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.

Түркі әлемі математиктерінің VII құрылтайына 20 елден 500-ден астам математик қатысты. Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Ресей және Қазақстан ғалымдары пленарлық баяндама жасады.

Конгресс аясында математиканың 10 бағыты бойынша Пленарлық отырыстар мен секциялар өткізілді, онда қазіргі математика ғылымының ғылыми нәтижелері бойынша 400-ден астам баяндамалар тыңдалды.

Конгресстің қорытынды отырысында түркі әлемінің жетекші математиктері марапатталды. Отырыстың қорытындысы бойынша VII TWMS конгресінің резолюциясы дайындалып, талқыланды.

Әріптестер