“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша (ENQA) Еуропалық қауымдастықтың сарапшыларының НААР-ға баруы

23.11.2018

2018 жылдың 23 қарашасында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің кеңсесінде ENQA сарапшылар комиссиясының Tove Blytt Holmen мен Beate Treml құрамынан болған сапары болды. Сапардың мақсаты - пост мониторинг жүргізу және АРТА-нің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін растау болып табылады.

Агенттіктің директоры Алина Жұмағұлова ENQA сараптамалық комиссиясының мүшелеріне жұмыс, жетістіктер мен даму келешегі туралы баяндады. Сапар барысында Сараптама комиссиясының мүшелері агенттіктің қызметкерлермен кездесті және АРТА-ның сапалы өзгерістерімен , негізгі басымдықтарымен танысты. Білім беру сапасын қамтамасыз ету саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша сындарлы пікір алмасылды. Сапардың соңында ENQA сараптамалық комиссиясы АРТА қызметін жоғары бағалады және оның білім беру сапасын қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарына сәйкестігін растады.

Әріптестер