ENQA агенттік директорларының кездесуі: ENQA-ның болашақ стратегиясын талқылау және ESG қайта қарау
27.02.2025
2025 жылғы 27 ақпанда Еуропалық Жоғары Білім Берудегі Сапаны Қамтамасыз Ету Қауымдастығы (ENQA) агенттік бас директорларының онлайн-кездесуін өткізді. Жиын барысында негізгі стратегиялық мәселелер, сондай-ақ Еуропалық жоғары білім кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулықтарын (ESG) қайта қарау мәселелері талқыланды.
Аталған кездесуге Акредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) атынан А. Жумагулова қатысты.
Қатысушылар ENQA-ның 2026–2030 жылдарға арналған стратегиясының бастапқы тұжырымдамасын қарастырды. Онда өзекті мақсаттарды сақтау қажеттілігімен қатар, ұйымның икемділігін арттыру, саяси талқылаулардағы көрінуін күшейту және жаһандық ұстанымын нығайтуға баса назар аударылды. Талқылау барысында ENQA-ның ұлттық және еуропалық жоғары білім саясаты саласындағы рөлін күшейту жолдарын анықтау мақсатында SWOT-талдау жүргізілді.
Сонымен қатар, кездесуде ESG-ны қайта қарау процесіне шолу ұсынылды. ESG Басқарушы комитетіндегі негізгі талқылаулар сапаны қамтамасыз етуді университеттердің институционалдық миссияларымен және жоғары білімнің өзекті трендтерімен, соның ішінде цифрландыру мен үздіксіз оқумен байланыстыру қажеттілігіне арналды.
Бұл кездесу ENQA-ның сапаны қамтамасыз ету саясатын қалыптастыруға және Еуропадағы жоғары білім берудің жаңа сын-қатерлеріне бейімделуге деген ұстанымын растады.
Әріптестер