БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША Х ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
06.10.2026

2026 жылғы 2–3 қазанда «Astana IT University» базасында Қазақстандағы Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің (НААР/IAAR) 15 жылдығына арналған «Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар дәуірінде сапаны арттыру: білім берудің жаңа көкжиектері» тақырыбындағы X Орталық Азия білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық форумы өтті.

Мерейтойлық халықаралық форумның басты назарында цифрлық трансформация жағдайындағы жоғары білім сапасы, жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу, халықаралық стандарттарды жетілдіру, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру мәселелері болды.

Форумның Пленарлық отырысының ашылуында сөз сөйлеген спикерлер қатарында: ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Т.И. Ешенқұлов, Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың (ENQA) Президенті Даниэла Кристина Гитулика, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының Президенті Б.Т. Жұмағұлов, АРТА/IAAR Байқау кеңесінің төрайымы Б.С. Айтимова, Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Азия-Тынық мұхиты желісінің (APQR) Президенті Г.Н. Мотова, Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясының (WFME) Президенті Рикардо-Леон Боркес болды.

НААР/IAAR Бас директоры Алина Жумагулова Агенттіктің 15 жылдық қызметінің нәтижелері туралы презентация жасап, Қазақстанда тәуелсіз аккредиттеудің қалыптасуының бастауында тұрған тұлғаларды ризашылықпен еске алды. Сондай-ақ сапаны қамтамасыз ету бағытында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен жүргізілген бірлескен жұмысты және көрсетілген қолдауды атап өтті. Ол Агенттіктің кәсіби беделін қалыптастыруда және қоғамның білім сапасына деген сенімін арттыруда Агенттіктің сарапшылар пулының ерекше рөл атқаратынын атап көрсетті. Құттықтау сөзбен «Astana IT University» ректоры А.А. Ахметов сөз сөйлеп, цифрлық дәуір жағдайында және жасанды интеллектіні енгізу үдерісінде білім сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Төрт панельдік сессия барысында модераторлар мен Форумға қатысушылар білім сапасын арттыру, білім беруде жасанды интеллектіні қолдану, білім беру үдерістерін цифрландыру, Орталық Азия жоғары оқу орындарында сапа мәдениетін ілгерілету, сондай-ақ сын-қатерлер мен жаһандық өзгерістер жағдайында жаңа білім беру траекторияларын енгізу мәселелерін талқылады.

Халықаралық форумның жұмысына 250-ден астам адам белсенді қатысты. Олардың қатарында Қазақстанның және шетелдердің, атап айтқанда, Ұлыбритания, Словения, Швейцария, Нидерланд, Ресей, Беларусь, Қытай, Әзербайжан, Армения, Түркия, Румыния, Грузия, Молдова, Латвия, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстанның академиялық қоғамдастық өкілдері, халықаралық ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары және әлемнің 29 елінен тәуелсіз сарапшылар болды.

Жыл сайын пікірталас алаңы ретінде өткізіліп келе жатқан Орталық Азия білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық форум биыл цифрлық трансформация және жасанды интеллектіні пайдалану жағдайында халықаралық еңбек нарығына қажетті құзыреттер мен практикалық дағдыларды меңгерген, бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды даярлау сапасын бағалаудың жаңа тәсілдерін талқылауға халықаралық қоғамдастықтың белсенді қатысуын айрықша көрсетті.

Халықаралық форумның қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді жарияланып, әлемдік білім беру кеңістігінде кең резонанс пен үлкен қоғамдық пікірге ие болды.

Төменде БАҚ сайттарына сілтемелер берілген:
https://kazpravda.kz/n/globalnye-vyzovy-i-poisk-resheniy/
https://youtu.be/lpLu-YGV1hE?si=wRt4WslPyUAp3G0g
https://youtu.be/TM9eJvRA-r4?si=-7Fl40NzQ_1fa9zO
https://www.youtube.com/watch?v=H7HcbdW3axY

НААР ұжымы Бас директор Жұмағұлова Алина Бақытжанқызын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін берілген жоғары марапат – А.Байтұрсынұлы атындағы орденмен марапатталуымен құттықтайды.
Форумның фотосуреттері келесі сілтеме бойынша қол жетімді
Приложения
Программа Х Центрально-Азиатского Международного Форума по обеспечению качества образования
Әріптестер