XII Еуропалық сапаны қамтамасыз ету бойынша Форум (2017 EQAF)
29.11.2017
2017 жыл 23-25 қарашада Латвия Университеті негізінде Рига қаласында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі директоры Жумагулова А.Б. және АРТА Сарапшылық кеңесінің төрағасы Скиба М.А. қатысқан 12-ші Еуропалық сапаны қамтамасыз ету бойынша Форум өтті.
Жыл сайынғы Еуропалық сапаны қамтамасыз ету бойынша форум (EQAF) сапаны қамтамасыз етуге қызығушылық танытатын негізі тараптар арасында тәжірибе алмасуға, кәсіби дамуға және талқылауға платформа ұсынады. Атап айтқанда, Форум жоғарғы оқу орындарында сапаны қамтамасыз ету бойынша мамандар мен жетекшілерді, студенттерді, аккредиттеу агенттіктерін және жоғарғы білім мен сапа саласында жұмыс істейтін зерттеушілерді біріктіреді.
2017 EQAF "Жауапты сапа бақылауы" пленарлық және параллельдік сессияларының өтуі практикалық және зерттеулік талқылауды біріктіреді. Одан басқа, талқылау бағдарламасы сапаны қамтамасыз ету бойынша ағымдағы өзгерістер туралы презентацияларымен түрлі сессиялар мен семинарлар форматында жалғастырылды.
Негізгі спикерлер болып EQAF, ENQA, EQAR жетекші құрамы, EUA (Еуропа университеттері ассоциациясы) өкілдері, EURASHE (Еуропалық жоғарғы білім беру мекемелері ассоциациясы) және т.б. сөз сөйледі.
Әріптестер