XIX Пастухов Оқулары
27.05.2021
2021 жылдың 26 мамырында IAAR Бас директоры - А.Б. Жұмағұлова ХІХ Пастухов оқулары шеңберінде өткен «Пандемиядан кейінгі үздіксіз білім берудің мүмкіндіктері мен болашағы» ғылыми-практикалық конференциясында «Халықаралық аккредиттеу: on-line форматындағы IAAR тәжірибесі» атты баяндама жасады (Ярославль, Ресей Федерациясы). IAAR Техникалық және кәсіптік білім беру бойынша сарапшылық кеңестің төрағасы - Р.Г. Гасимов конференция қатысушыларына аккредиттеу рәсімі шеңберінде Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы сыртқы сараптау комиссиясының жұмысы туралы тәжірибесімен бөлісті.
Әріптестер