“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR Аккредиттеу Кеңесінің отырысы

28.01.2022

2022 жылдың  28 қаңтар айында  білім беру ұйымдарын халықаралық институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеудің сыртқы сараптамалық комиссияларының (ССК) материалдарын қарау бойынша IAAR Аккредиттеу Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Аккредитациялық кеңестің отырысында келесі білім беру ұйымдары қаралды:

  • Смоленск мемлекеттік медицина университеті (Ресей Федерациясы).
  • Алтай мемлекеттік медицина университеті (Ресей Федерациясы).
  • Беларусь мемлекеттік медицина университеті (Беларусь Республикасы).
  • Халықаралық еуропалық университет (Украина).
  • Әзірбайжан Медицина Университеті (Әзірбайжан Республикасы).
  • Халықаралық Жоғары Медицина Мектебі (Қырғыз Республикасы).
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан Республикасы).
  • Қазан мемлекеттік мәдениет институты (Ресей Федерациясы).
  • Қазақ ұлттық хореография академиясы (Қазақстан Республикасы).
  • М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті (Қазақстан Республикасы).
  • Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (Қазақстан Республикасы).
  • Сүлейман Демирель атындағы Университет (Қазақстан Республикасы).
  • Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (Қазақстан Республикасы).
  • "Баишев университеті" мекемесі (Қазақстан Республикасы).
  • Ұлттық медициналық білім беру орталығы (Қазақстан Республикасы).
  • "Санат" Оқу орталығы (Қазақстан Республикасы)

Алғаш рет IAAR аккредитациялық Кеңесі Қазақ ұлттық хореография академиясы мен Қазан мемлекеттік мәдениет институтының бірлескен білім беру бағдарламасын (бакалавриат) сырттай бағалау қорытындысы бойынша шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы жоғары оқу орындарының қос дипломды бағдарламасының сапасын бағалаудың алғашқы тәжірибесі ESG және бірлескен Бағдарламалардың сапасын қамтамасыз етуге еуропалық тәсіл негізінде әзірленген жоғары білімнің бірлескен білім беру бағдарламасын халықаралық мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу стандарттарына және басшылығына сәйкес жүргізілді, 2015.

Білім беру бағдарламасын аккредиттеу шеңберінде халықаралық сарапшылар әріптес жоғары оқу орындарының сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйелерімен, студенттерді даярлауда және білім алушылар үшін қажетті жағдайлар жасауда олардың өзара іс-қимыл жасау моделімен танысты.

Аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламалары туралы ақпаратты сайттың "Тізілім" бөлімінен табуға болады.

Әріптестер