“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

2019 жылғы 24 мамырдағы НААР Аккредиттеу Кеңесінің отырысы

27.05.2019

2019 жылғы 24 мамырда аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің конференц-залында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, техникалық және кәсіптік және орта білім беру ұйымдарын халықаралық институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу туралы материалдарды қарау және шешімдер қабылдау жөніндегі Аккредиттеу Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жұмыс барысында ССК Төрағасы келесі білім беру ұйымдарының қызметін бағалау нәтижелері туралы есеп берді:

- Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті,

- Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,

- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,

- М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті,

-А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті,

- Қазақ ұлттық хореография академиясы,

-М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті,

- С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті,

- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,

- Алматыдағы Қазақстан-Неміс университеті,

- Қазақ спорт және туризм академиясы,

- Баишев университеті,

- Қазақ технология және бизнес университеті,

- «Арна» Көкшетау жоғары колледжі,

- Орал «Мақсат» медициналық колледжі.

Аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламалары бойынша ақпаратты Аккредиттеу бөлімінен табуға болады.

Әріптестер