“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

НААР/IAAR Аккредиттеу Кеңесінің отырысы, 20 желтоқсан 2019 жыл

24.12.2019

2019 жылғы 20 желтоқсанда Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА/IAAR) конференц-залында Аккредиттеу Кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес отырысында келесі білім беру ұйымдарын халықаралық институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде сыртқы сараптау комиссияларының жұмыс нәтижелері қаралды:

- Ресей мемлекеттік гидрометеорологиялық университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы),

- Қазан мемлекеттік медицина университеті (Қазан қ., Ресей Федерациясы),

- Тәжік мемлекеттік коммерция университеті (Душанбе қ., Тәжікстан Республикасы),

- Қырғыз-Өзбек университеті (Ош қ., Қырғыз Республикасы),

- «Халықаралық жоғары Медицина мектебі» білім беру мекемесі (Бішкек қ., Қырғыз Республикасы),

- С.Сейфуллина атындағы Қазақ агротехникалық университеті,

- Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,

- «Қарағанды медициналық университеті» КЕАҚ Мейірбике ісі мектебі,

- Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі,

- Санжар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі,

- Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының колледжі,

- Талдықорған өнеркәсіп, индустрия және жаңа технологиялар колледжі.

Аккредиттеу Кеңесі отырысының нәтижелері туралы ақпаратты ресми сайттан табуға болады. www.iaar.kz «Аккредиттеу» бөлімінде.

Әріптестер