“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

INQAAHE Шығыс Еуропа фокус тобының (EEFG)

22.11.2021

2021 жылдың 22 қарашасында INQAAHE Шығыс Еуропа фокус тобының (EEFG) отырысы өтті. Кездесуге IAAR Бас директорының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Тимур Қанапьянов және ЖОО институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу жобасының жетекшісі Ниязова Гулияш қатысты.
Кездесуде INQAAHE жаһандық зерттеулерінің өз жалғасын тауып, жоғары білім беру нәтижелерінің маңыздылығы, сенімділігі және мойындалуына байланысты жаһандық трендтерге сай ізденістер талқыланды. Қатысушылар білім берудегі сапаны қамтамасыз етудің өңірлік қажеттіліктерін талдай отырып, сапаны қамтамасыз ету ережелерінің өзектілігін, сенімділігін және қабылдануын арттыру үшін қажетті шараларды қарастырды.

Әріптестер