НААР Ош қаласындағы екі күндік сапары аяқталды (Қырғыз Республикасы)
31.05.2017
24-25 мамырда 2017 жылы жоо-ды аккредиттеу бойынша сарапшыларды дайындау мақсатында з.ғ.к., АРТА Директоры Жумагулова Алина Бакытжановна, АРТА ғылыми кеңесші фил.ғ.д., Сейдахметова Римма Ганиевна, ф.-м.ғ.д., профессор, АРТА Сараптамалық кеңесінің мүшесі, білім беру бағдарламаларын саралау әдіснамасын әзірлеуші, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті стратегия және халықаралық байланыстар жөніндегі - бірінші проректор Шункеев Куанышбек Шункеевич, пед.ғ.д., АРТА Сараптамалық кеңестің төрағасы, Нархоз Университеті ректорының кеңесшісі Скиба Марина Александровна Қырғыз Республикасы оңтүстік астанасы Ош қаласына сапар шекті.
Екі күн бойы АРТА өкілдері оқыту семинарын өткізу аясында Қырғызстан академиялық қоғамымен өзара тығыз қарым-қатынаста болды. Осы екі күнде семинардың бағдарламасына сәйкес Қырғыз жоо профессор-оқытушылар құрамы мен әкімшілік-басқару персоналы АРТА-ның білім сапасын тәуелсіз бағалау саласындағы тәжірибесімен, АРТА стратегиялық мақсаттары және даму перспективаларымен, саралау технологиясымен, Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі сапаны қамтамасыз ету трендімен танысты.
Сонымен бірге, семинар барысында сарапшылыққа үміткерлер АРТА-ның институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу стандарттарын, Еуропалық жоғары білім кеңістігіндегі (ESG ) сапасын қамтамасыз ету бойынша стандарттары мен ұсыныстарын меңгерді.
АРТА сарапшылары бағдарламасына сәйкес іскерлік ойындар, интерактивті сессия және топпен жұмыс жүргізілді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға АРТА сертификаттары табысталды.
Әріптестер