“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

«Қазақстан студенттер Альянсы» ҚБ жастар ісі бойынша STUDUNION-2019 кеңесін өткізді

24.05.2019

2019 жылы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан студенттер Альянсы» ҚБ «Жастардың өзін-өзі басқару органдарының жүйесін дамыту» жобасы аясында жастар ісі жөніндегі «STUDUNION-2019» кеңесін өткізді. Өткізілетін кеңестің мақсаты – жастардың азаматтық белсенділігін дамыту және оларды жергілікті деңгейде жастардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту арқылы, соның ішінде студенттік активті жұмыстың жаңа тәжірибелеріне оқыту арқылы азаматтық диалог құру процесіне тарту. Аталған іс-шарада Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің стратегиялық мәселелері бойынша кеңесші Г. Ысқақова «Қазақстанның инновациялық дамуы контекстіндегі білім трансферті үдерісіндегі жастардың рөлі» тақырыбында баяндама жасады. АРТА «Қазақстан студенттерінің Альянсы» ҚБ-мен белсенді жұмыс істейді, оқыту бағдарламаларын жүргізеді және студенттерді ЖОО мен колледждерді аккредиттеу үдерісіне, олардың білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған білім беру бағдарламаларын тартады.

Әріптестер