“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру
Халықаралық желілер
  • ENQA
  • WFME
  • APQN
  • INQAAHE
  • IREG
  • CIQG
  • IQA
  • CEENQA
  • EQAR
  • APQR
  • IVETA
  • ISQua

Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша Еуропалық қауымдастық ENQA

Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша еуропалық қауымдастық (The European Association for Quality Assurance in Higher Education - ENQA) 2000 жылы жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша Еуропалық желі ретінде еуропа елдерінің аталған сферада бірлестігін дамыту үшін құрылған. Аталған мекемені құруға жоғары білім берудегі сапаны бағалау бойынша еуропалық пилоттық жоба (1994-1995 гг.) кезіндегі сапаны қамтамасыз ету саласындағы тәжірибемен алмасу маңыздылығы түрткі болды.Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету саласындағы еуропалық серіктестік идеясы Еуропалық кеңесте қолдау тауып, 1998 жылғы 24 қыркүйектегі Еуропалық кеңес Ұсынымына, Болон декларациясына (1999 ж) әсер етті. 2004 жылғы қарашада желінің Бас Ассамблеясында мекеменің атауын Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша Еуропалық қауымдастық деп өзгерту туралы шешім қабылдады. ENQA құрылған кезден бастап оның қызметін Еуропалық комиссия қаржыландырып келеді.

ENQA миссиясы

Қауымдастық еуропалық бірлестікке жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз ету саласында жәрдемдесу үшін құрылған.

ENQA міндеті

  • ақпарат және тәжірибе алмасуды, әсіресе әдістемелік зерттеу саласында, дамыту және қолдау;
  • сапаны қамтамасыз ету саласында стандарттарды жасайтын және бекітетін саясаттық форум ретінде қызмет істеу;
  • еуропалық елдердің білім министрліктерінің, мемлекеттік биліктің ұлттық және жергілікті органдарының және Болон үрдісінің аясында жұмыс істейтін басқа да инцтанциялардың сауалдары бойынша экспертиза жүргізу және кеңес беру;
  • трансұлттық еуропалық жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету рәсімдрінің дамуына үлес қосу;
  • сапаны қамтамасыз етудің тиімді жүйелері мен аккредиттеу агенттіктерінің дамуына үлес қосу;
  • сапаны қамтамасыз ету жүйесі мен аккредиттеу агенттіктерінің эксперттік зерттеулерін ұйымдастыру;
  • басқа еуропалық мекемелермен және қызығушылық танытқандармен қарым-қатынас жасау және оны дамыту;
  • жоғарғы білім берудің еуропалық кеңістігін жасауға үлес қосу;
  • басқа желілермен және аймақтармен диалог жүргізу.

ENQA-ға мүшелік

Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша еуропалық қауымдастық ENQA Болон декларациясына қол қойған елдердің сапаны қамтамасыз ету агенттіктерімен серіктес болуға дайын. ENQA мүшелігінің екі типі бар: толық және кандидат мәртебесіндегі мүшелік. Одан бөлек, Қауымдастық сапаны қамтамасыз ету агенттіктеріне қауымдастырылған немесе үлестес мәртебе бере алады.

Қазіргі таңда ENQA-ның толыққанды мүшесілікке 22 елден 49 агенттік, ал қауымдастырылған мәртебеге 25 елден 53 ұйымдастық ие.

IAAR ENQA-ның толыққанды мүшесі болып табылады. Көрсетілген бетте ENQA толық мүшлерінің тізімі келтірілген:

Сайтқа сілтемеENQA растау құжаты

Дүниежүзілік Медициналық Білім Беру Федерациясы WFME

Дүниежүзілік Медициналық Білім Беру Федерациясы (WFME)  – халықаралық ұйым, оның міндеті жоғары ғылыми және этикалық стандарттарды енгізу арқылы бүкіл әлемде медициналық білім беру сапасын жақсарту болып табылады. Медициналық білім беру сапасын жақсарту жөніндегі халықаралық қызмет 1984 жылдан бастап медициналық білім беруді жаңғыртудың халықаралық бағдарламасын жүргізуден басталды.

WFME Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, Дүниежүзілік Медициналық Қауымдастықпен, ЮНЕСКО және БҰҰ бейінді агенттіктерімен, Еуропадағы медициналық білім беру және медициналық мектептер қауымдастықтарымен және құрамына Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі IAAR кірген түрлі елдердің басқа да салмақты ұйымдарымен тығыз өзара іс-қимыл жасайды.

2017 жылы 14 желтоқсанда білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін көптеген халықаралық қауымдастықтар мойындаған Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымың тағы бір жоғары мәртебесіне ие болды, бұл IAAR жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестігін растауды жалғастыруда.

IAAR – Дүниежүзілік Медициналық Білім Беру Федерациясы мойындаған ТМД елдерінің алғашқы ұйымы, бұл медициналық ұйымдар мен бағдарламаларға халықаралық аккредиттеу жүргізуге құқық береді.

Халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық білім беру ұйымдарының IAAR аккредиттеуден өтуі ұлттық мақсатқа − шығарылатын кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және білім беру секторының экспорттық әлеуетінің өсуіне ықпал етеді.

Сайтқа сілтемеWFME растау құжаты (Қазақстан Республикасы)WFME растау құжаты (Ресей Федерациясы)WFME растау құжаты (Молдова Республикасы)WFME растау құжаты (Тәжікстан Республикасы)WFME растау құжаты (Қырғыз Республикасы)WFME растау құжаты (Украина) WFME растау құжаты (Румыния) WFME растау құжаты (Беларусь Республикасы) WFME растау құжаты (Өзбекстан Республикасы) WFME растау құжаты (Әзірбайжан Республикасы) WFME растау құжаты (Палестина мемлекеті) WFME растау құжаты (Доминика) WFME растау құжаты (Сомали) WFME растау құжаты (Белиз) WFME растау құжаты (Барбадос)

Сапаны қамтамасыз ету бойынша Азия-Тынық мұхиттық желі APQN

Сапаны қамтамасыз ету бойынша Азия-Тынық мұхиттық желі (The Asia-Pacific Quality Network, APQN) 2003 жылы жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің әлем халықының жартысынан көбі орналасқан аймаққа қажеттілігінен құрылды. APQN жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің Халықаралық желісінің (INQAAHE) жергілікті желісі ретінде қызмет жасайды. APQN желісі Дүниежүзілік банк пен ЮНЕСКО қолдауымен құрылды.

APQN миссиясы

 Сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің қызметін дамыту және өзара серіктестіктерін кеңейту арқылы Азия- Тынық мұхиттық аймақтағы жоғары білім сапасын жақсарту.

APQN міндеті

  • Азия-Тынық мұхиттық аймақтағы жоғары білім сапасын қолдау және жақсарту үшін жақсы тәжірибенің таралуына үлес қосу;
  • аймақтағы жоғары білім беру сапасын жақсарту мақсатында жоғары білім беру сапасын басқару саласындағы зерттеулерді дамыту;
  • аймақтағы жаңа агенттіктеріне ақпарат беру және көмек көрсету білім берудегі сапаны қамтамасыз ету;
  • білім берудің сапасын қамтамасыз ету агенттіктерінің арасындағы серіктестікке, сонымен қатар шешімдер мен бағалауды өзара мойындауға жағдай жасау;
  • ұлттық жүйе аясында мекеме қызметінің стандарттарын анықтауға APQN мүшелеріне көмек көрсету;
  • аймақтағы біліктілікті халықаралық мойындауға көмектесу;
  • несиелік трансферт сызбаларын дамыту және пайдалануға көмектесу, ұлттық шекара ішінде және сыртында студенттердің мобильділігіне жағдай жасау;
  • APQN мүшелеріне күдікті аккредиттеу мекемелері туралы ақпарат беру;
  • аймақты ұсыну және оның қызығушылықтарына жағдай жасау, мысалы басқа желі және халықаралық мекеме қатынасында.

APQN ға мүшелік

Мүшелік туралы өлшемге сәйкес APQN желісі құрамына кіретін агенттіктерге мүшеліктің төрт типі тағайындалуы мүмкін: толық және аралық мүшелік, қауымдастырылған және институционалдық мүшелік. Одан басқа, APQN мүшелігінде Азия-Тынық мұхттық аймақтан тыс орналасқан мемлекеттердің мекемелері үшін «бақылаушы» мәртебесі бар. Тек толық және аралық мүшелер қауымдастықтық басқару органдары жұмысына қатыса алады. Қауымдастырылған және институционалдық мүшелер жылдық жалпы жиналыстарға, Бас Кеңестің басқа отырыстарына қатыса алады, бірақ оларда дауыс беру құқығы жоқ. 
Қазіргі таңда APQN желісі құрамына 149 ұйымдастық кіреді: 34 толық мүше, 19 аралық мәртебелі агенттік, 10 қауымдастырылған мүше және институционалдық мәртебелі 86 ұйымдастық. Төрт ұйымдастық бақылаушы болып табылады (Ұлыбритания, Германия, Кувейт, Таиланд).

APQN желісінің толық мүшелерінің мекеме атауы, мемлекеті, мүшелік типі, интернет-сайты және басқа да байланыстық ақпараттармен бірге APQN желісі сайтында орналасқан:

Сайтқа сілтеме APQN растау құжаты

Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің халықаралық желісі INQAAHE

Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің халықаралық желісі (The International Network for Quality Assurance Agencies in Higher Education, INQAAHE) 1991 жылы құрылған және қазіргі таңда 270 мүшеліктен тұрады. INQAAHE желісі әлем бойынша жоғары білім беруді бағалау саласындағы теория мен практика сұрақтарымен айналысатын алғашқы, ең ірі және мойындалған ұйымдастық болып табылады.

INQAAHE миссиясы

Сапаны қамтамасыз ету агенттіктеріне ақпарат және тәжірибе алмасуда көмектесу;мамандықтың теориялық және практикалық негізін дамыту; сапаны қамтамасыз етудегі кәсіби тәжірибе стандарттарын жетілдіру; INQAAHE мүшелігіндегі агенттіктердің қызметінің, соның ішінде ЖОО, студенттер және қоғам қызығушылығындағы кәсіби дамуды және потенциалды өсіруді тұрақты жақсаруына жәрдемдесу.

INQAAHE міндеттері

  • теория және практиканы бағалау саласының ағымдағы жағдайын және жаңа бастамалары туралы ақпарат жинау және тарату,жоғары білім беру саласын сапанын қолдау және жетілдіру;
  • жоғары білім саласының сапасын қолдайтын және жетілдіретін тиімді жұмыс тәсілдерін таратуға жағдай жасау;
  • жоғары білім сапасы менеджменті жүйесіндегі ғылыми зерттеулерді дамыту;
  • қайта ашылған аккредиттеу агенттіктерінің дамуын қолдау үшін экспертиза жасау мен кеңес беруге жағдай жасау; аккредиттеу агенттіктері арасында, әсіресе ұлттық шекара сыртында орналасқан, байланыс орнатуға көмектесу;
  • желі мүшелеріне ұлттық шекара сыртында орналасқан ЖОО қызметі стандарттарын анықтауда қолдау көрсету;
  • халықаралық біліктілікті мойындау сұрақтарында кеңейтілген ақпараттандыруға әсер тигізу;
  • студенттердің мемлекет ішіндегі және шетелдегі мобильділігін арттыру үшін несиелік бірліктерді есептеу сызбасын пайдалануға және дамытуға көмектесу;
  • күмән тудыратын аккредиттеу ұйымдары туралы желі мүшелерін ескерту.

INQAAHE мүшелік

INQAAHE желісінде мүшелік үш түрлі болуы мүмкін: толық, қауымдастырылған және үлестес.

Толық мүшелікке ЖОО немесе білім бағдарламасы сапасы бағаларына жауапты ұйымдар кіреді (аккредиттеу агенттіктеру; бағалау жүргізетін агенттіктер, аккредиттеу агенттіктерінің қызметін мойындаумен айналысатын органдар). Қауымдастырылған мүшелер – жоғары білім берудегі сапаны бағалау, аккредиттеу және қамтамасыз етуге үлкен қызығушылық танытатын, бірақ оған қатыспайтын ұйымдар. Үлестес ұйымдар – жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету саласын бағалау және аккредиттеу мәселелерімен қызығатын жеке тұлғалар.Барлық мүшелер басқару органдары құрамына сайланып Бас ассамблея жұмысына қатыса алады, бірақ тек толық мүшелер ғана шешім қабылдау кезінде дауыс беру құқығына ие. 

Қазіргі таңда INQAAHE құрамында 280 мүше бар: 178 – толық, 88 – қауымдастырылған және 14 - үлестес.

Желі сайтында INQAAHE мүшелерінің толық тізімі ұйымдастық атауымен, web-сайтпен және басқа да мәліметпен қатар келітірлген

Сайтқа сілтеме INQAAHE растау құжаты

Академиялық саралау мен үстемдік бойынша Халықаралық обсерватория IREG

Академиялық саралау мен үстемдік бойынша Халықаралық обсерватория (IREG) ЮНЕСКО-ның Еуропалық жоғарғы білім беру орталығы (UNESCO-CEPES) мен академиялық саралау сапасын зерттейтін саралау бойынша эксперттердің халықаралық тобының бірлескен ықыласы ретінде құрылды. IREG 2009 жылы аталған халықаралыө эксперттер тобы ұсынысы негізінде құралды.

IREG миссиясы

Жоғары оқу орындарының халықаралық және ұлттық рейтингісінің сапасын жақсарту.

IREG мақсаты

  • Стандарттарды және тәжірибені жоғарғы оқу орындарын саралаудың Берлин принципртеріне сәйкес жетілдіру; 
  • Саралаудың жоғары білім алуға және түлектердің еңбекке тартылуына әсер етуін анализдеу;
  • Саралаудың жоғары оқу орындары қызметіне әсер етуін зерттеу;
  • Қоғам санасын және академиялық жұмысты түсінуін дамыту;

IREG мүшелік 

Қазіргі таңда IREG мүшелікке 40 астам ұйым, Ұлыбритания, Германия, Дания, Испания, Қазақстан, Қытай, Литва, Польша, Ресей, Румыния, АҚШ, Тайвань, Франция және т.б. өкілдері кіреді.

IREG мүшелерінің толық тізімін және ол жайлы толығырақ ақпарат IREG сайтында

Сайтқа сілтемеIREG растау құжаты

АҚШ жоғары білім беруіді аккредиттеу бойынша Халықаралық сапа тобы Кеңесі CIQG

Халықаралық сапа тобы 2012 жылы CHEA құрылды. Топқа қатысуға әлемнің үздік аккредиттеу агенттіктері шақырылған. 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап IAAR Халықаралық сапа тобы Кеңесінің АҚШ-тағы жоғары білім беруді аккредиттеу бойынша мүшесі болып табылады (CHEA).

CHEA – әлемдегі ең ескі аккредиттеу агенттіктерінің бірі болып табылады. 3000 университтер мен колледждермен, сонымен қатар әлем бойынша білім беруді тәуелсіз аккредиттеумен айналысатын үздік 60 ұйымдастықпен серіктеседі.

CHEA сапаны тәуелсіз бағалау және білім берудің сапасын қамтамасыз ету бойынша әлем бойынша және АҚШ-та көшбасшы болып табылады.

Біздің мүшелігіміз туралы толығырақ

Сайтқа сілтемеРастау құжаты

Ислам әлемі мемлекеттерінің білім беру сапасының кепілдігі агенттіктері Қауымдастығы (IQA)

Ислам әлемі мемлекеттерінің білім беру сапасының кепілдігі агенттіктері Қауымдастығы (IQA) 2011 жылдың 4 мамырында білім беру сапасы кепілдігі агенттіктері мен ислам әлемі мемлекеттерінде жоғары білім сапасына жауапты мемлекеттік органдарының қауымдастығы ретінде құрылды.

IQA мақсаты – ислам әлемі мемлекеттеріндегі жоғары білім сапасын жақсарту.

IQA өз алдына келессі тапсырмаларды қояды:

• ислам әлемі мемлекеттерінің жоғары білім беру сапасы кепілдігі агенттіктерінің потенциалын жоғарылату;

• ислам әлемі мемлекеттерінің жоғары білім беру сапасы кепілдігі агенттіктерінің өзара білім мен тәжірибе алмасуына, серіктесуіне көмек көрсету;

IQA серіктестіктің екі категориясын ұсынады: толық және қауымдастқан. IQA толық мүшелеріне білім беру сапасын сыртқы қамтамасыз ету мемлекеттік агенттіктері немесе ислам әлемі мемлекеттерінің білім беру сапасын сыртқы қамтамасыз ету мемлекеттік органдары немесе Орындаушы комитет бекіткен басқа да ұйымдар жатады. Ал IQA қауымдасқан мүшелері бағалау, аккредиттеу немесе жоғары білім беру сапасын жоғарылату үрдістеріне белсенді қатысқан Орындаушы комитет бекіткен Ислам әлемі мемлекеттерінің қызығушылық танытқан ұйымдастықтары болуы мүмкін.

Қазіргі таңда IQA құрамында 37 мүше бар: 16 толық, 21 қауымдасқан.

IAAR IQA толық мүшесі болып табылады. Толығырақ

Сайтқа сілтемеРастау құжаты

Орталық және Шығыс еуропа мемлекеттерінің жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттіктер Желісі  CEENQA

Орталық және Шығыс еуропа мемлекеттерінің жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттіктер Желісі 2001 жылы 13 қазанда Краковта (Польша) бір жыл бұрынғы Будапешттегі ( Венгрия) алғашқы кездесуден кейін құрылды. CEENQA 2011 жылы 4 шілдеде Дюссельдорфде (Германия) ресми турде тіркелді.

CEENQA үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдастық.

CEENQA жарғысына сәйкес оның мақсаты: «Орталық және Шығыс Еуропадағы жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету мен жетілдіру саласындағы мүше ұйымдар арасындағы қызметтік келісім мен серіктестікті дамыту»

Сайтқа сілтемеCEENQA растау құжаты

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің Еуропалық тізілімі EQAR

2017 жылдың 20 маусымында аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) Тіркеу комитетінің шешімі мен Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Еуропалық реестрге (EQAR) енгізілді. 2005 жылдан бастап EQAR сапа кепілдігінің ашықтығын арттыру және Еуропа елдерінде жұмыс істейтін агенттіктер туралы ақпарат беру арқылы жоғары білімнің еуропалық аймағын одан әрі дамытуды қамтамасыз ететін негізгі ұйым болып табылады. EQAR мүшелігіне кіру аккредитациялық органдар үшін ең жоғары жетістік және мойындау болып табылады.

Бүгін Еуропалық сапа кепілдігінің тіркеліміне 22 елдің 44 агенттігі енгізілген. Қазақстан Болон процесіне қатысушы 48 елдің 23-ші елі болды. IAAR Еуропалық тізілімге енгізу біздің агенттігіміздің стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады және IAAR осы мәртебесін алу үшін жетекші шетелдік сарапшылар жүргізетін өз қызметіне көп кезеңді бағалаудан өтті.

Танылған агенттік мәртебесін алу IAAR қызметінің жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестігін растау және осындай беделді ұйымның сенімінің куәсі болып табылады.

Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық тізілімге (EQAR) енгізілген аккредиттеу агенттіктері туралы ақпарат және IAAR енгізу туралы ресми шешім сілтеме бойынша қолжетімді

Сайтқа сілтемеEQAR растау құжаты

Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Азия-Тынық мұхит реестрі APQR

Аккредиттеу және рейтингінің тәуелсіз агенттігі IAAR Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Азия-Тынық мұхиты тізіліміне (APQR) ену мақсатында тәуелсіз бағалаудан өтті.

2020 жылдың маусым айында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) APQR Кеңесінің шешімімен Азия-Тынық мұхиты тізіліміне (APQR) 5 жыл мерзімге енгізілді.

Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Азия-Тынық мұхиты желісінің Бас Ассамблеясы APQR  2012 жылы Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Азия-Тынық мұхиты тізілімін APQR құру туралы ұсынысты мақұлдады. Азия-Тынық мұхиты аймағындағы сапаны сыртқы қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің тізілімі APQR болып табылады. Халықаралық сарапшылар тобы тарапынан тәуелсіз сыртқы бағалау APQR-ға енгізудің негізі болып табылады.

APQR негізгі мақсаттары:

  • Жоғары оқу орындарын / білім беру бағдарламаларын аккредиттеу үшін жоғары сапа және біліктілік белгісі ретінде қызмет ету
  • Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің трансшекаралық қызметін өзара тану үшін негізді қамтамасыз ету
  • Бүкіл әлем бойынша стейкхолдерлер Азия-Тынық мұхиты аймағында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі агенттікке жоғары сенімді ақпарат беру

APQR-ға енгізілген және қабылданған ұйымдар APQR-мен ынтымақтастықта халықаралық жоғары оқу орындарын / білім беру бағдарламаларын аккредиттей алады.

Сайтқа сілтемеAPQR растау құжаты

Халықаралық кәсіптік білім беру және оқыту қауымдастығы (IVETA)

Халықаралық кәсіптік білім беру және оқыту қауымдастығы (International Vocational Education and Training Association - IVETA) - бұл кәсіби педагогтардың, кәсіптік дағдыларды оқыту ұйымдарының, коммерциялық және өнеркәсіптік фирмалардың, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша кәсіптік білім беруге және оқытуға мүдделі немесе қатысатын басқа адамдар мен топтардың ұйымы мен желісі. IVETA 1984 жылы құрылған. IVETA бүкіл әлемде жоғары сапалы кәсіптік білім мен оқытуды ілгерілетуге және жақсартуға бағытталған.

IVETA миссиясы

IVETA-бұл жоғары сапалы кәсіптік білім беру мен оқытуды, қай жерде болса да және қажет болса да ілгерілетуге және жақсартуға бағытталған кәсіби тәрбиешілер мен қызмет көрсетушілердің халықаралық желісі.

IVETA құндылықтары

  1. Кәсіптік білім беру мен оқытудың жетілдірілуі мен сапасына ықпал ету.
  2. ТжКБ жаһандық қоғамдастығының қатысушыларына қолдау және қызмет көрсету.
  3. Мүшелер атынан белсенді сөйлеу және ТжКБ қауымдастығы атынан күшті және бірыңғай дауыс құру.

IVETA мүшелігі

Мүшелер құрамына кәсіптік білім беру және оқыту саласындағы практиктер, зерттеушілер мен студенттер, сондай-ақ адам ресурстарын дамытуға белсенді қатысатын мекемелер, ұйымдар мен компаниялар кіреді.

Сайтқа сілтеме IVETA растау құжаты

 

International Society for Quality in Health Care – ISQua

Денсаулық сақтаудағы халықаралық сапа қоғамы (International Society for Quality in Health Care – ISQua) тұрақты жетілдіру мәдениетін қалыптастыруға ықпал ете отырып, денсаулық сақтау жүйелері мен тәжірибелерін жетілдіруге бағытталған коммерциялық емес ұйым.

30 жылдан астам уақыт бойы ISQua бүкіл әлем бойынша білім беру, білім алмасу және сыртқы бағалау арқылы денсаулық сақтау саласындағы сапа мен қауіпсіздікті дамыту үшін жұмыс істейді. Қазіргі уақытта ISQua 70-тен астам елдермен және алты континентпен ынтымақтасып келеді.

ISQua өз мүшелеріне олардың қоғамдастықпен өзара әрекеттесуін анықтайтын үш негізгі құндылықты ұсынады:

  1. Білім: қатысушылар халықаралық сарапшылардан өздерінің кәсіби ортасында жақсартуларды бастау және енгізу құралдарын беретін құнды мәліметтерге қол жеткізе алады.
  2. Желі: ISQua кәсіби байланыстарды кеңейтуге, әріптестермен байланыс орнатуға және денсаулық сақтау мамандарының жаһандық қауымдастығында маңызды қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
  3. Дауыс: қатысушыларға өз пікірлерімен және зерттеулерімен бөлісуге, сондай-ақ медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелері бойынша тұрақты диалогқа қосқан үлесі үшін тануға шақырылады.

Осы құндылықтарды қолдау үшін ISQua қоғамдастық мүшелігін, білім беру бағдарламаларының кең спектрін, сыртқы бағалау қызметтерін, тәжірибешілер қауымдастығын және бірқатар аймақтық және халықаралық іс-шаралар мен конференцияларды ұсынады.

ISQua сонымен қатар институционалдық мүшелікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Институционалдық мүшелік ұйымдардың денсаулық сақтау саласындағы сапа мен қауіпсіздікті белсенді түрде арттыруға ұмтылатын институционалдық қатысушылардың жаһандық желісінің бөлігі екенін білдіреді.

2025 жылы IAAR ISQua-ға институционалдық мүшелікке ие болды.

Сайтқа сілтеме ISQua растау құжаты

 

Әріптестер