“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR Бас директоры ЮНЕСКО-ның халықаралық форумына қатысты

18.06.2026

2026 жылғы 17 маусымда Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (IAAR) Бас директоры Алина Жұмағұлова мен Бас директордың кеңесшісі Ольга Яновская біліктіліктерді тану және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған халықаралық форумға қатысты.

«Орталық Азиядағы жоғары білім беру саласында сапа мәдениетін қалыптастыру: сапаны қамтамасыз ету органдарының рөлі» атты панельдік пікірталас аясында НААР Бас директоры «Орталық Азиядағы жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің перспективалары» тақырыбында баяндама жасады.

Өз сөзінде ол Орталық Азия елдерінің жоғары білім беру жүйелерінің алдында тұрған өзекті сын-қатерлер мен мәселелерді атап өтіп, оларды шешудің ықтимал жолдарын ұсынды. Атап айтқанда, сапаны қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру, сапа мәдениетін дамыту және өңірдегі білім беру жүйелері арасындағы сенімді нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Форумға қатысу халықаралық тәжірибе алмасуға және Орталық Азиядағы жоғары білімнің одан әрі даму перспективаларын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.

Әріптестер