“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Аккредиттеу кеңесінде Бас директор 2025 жылғы есебін ұсынды

21.05.2026

2026 жылғы 21 мамырда НААР/IAAR Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің Бас директоры Жұмағұлова Алина Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Аккредиттеу кеңесінде агенттіктің 2025 жылғы қызметі қорытындылары бойынша есеп ұсынды.

Отырыс барысында НААР/IAAR-дың мектептер мен ТжКБ халықаралық аккредиттеу саласындағы негізгі жұмыс нәтижелері, білім сапасы стандарттарын жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері баяндалды.

Аккредиттеу кеңесінің мүшелері НААР/IAAR-дың білім сапасын қамтамасыз етудің тәуелсіз жүйесін дамыту және аккредиттеу тетіктерін қазіргі заманғы халықаралық талаптарға сәйкес одан әрі жетілдіру бағытындағы жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Әріптестер