“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR Аккредиттеу Кеңесінің отырысы, 2026 жылғы 30 сәуір

30.04.2026

2026 жылғы 30 сәуірде Сыртқы сараптамалық комиссиялар (ССК) материалдарын қарауға арналған Аккредиттеу кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс төмендегі білім беру ұйымдарының халықаралық институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредитациясы аясында өткізілді:

Azerbaijan University (Әзербайжан Республикасы)
Columbus Central University School of Medicine (Белиз)
Раззақов атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті (Қырғыз Республикасы)
Astana IT University (Қазақстан Республикасы)
Азаматтық авиация академиясы (Қазақстан Республикасы)
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан Республикасы)
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті (Қазақстан Республикасы)
Қазақ спорт және туризм академиясы (Қазақстан Республикасы)
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Қазақстан Республикасы)
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Қазақстан Республикасы)
Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті (Қазақстан Республикасы)
Қарағанды медицина университеті (Қазақстан Республикасы)
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті (Қазақстан Республикасы)
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті (Қазақстан Республикасы)
Астана медицина университеті (Қазақстан Республикасы)
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы (Қазақстан Республикасы)
Tamos Education (Қазақстан Республикасы)

Аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламалары туралы ақпаратты сайттың «Тізілім» бөлімінен табуға болады.

Әріптестер